Елең алды

lat: Eleń aldy

а) Елеңдеді, секем алды, қорықты, үрейленді.

Елең алып тұрған айғырдың үйірі тобымен жылқыдан тұра-ақ жөнелді ( С.Бегалин, Бала Шоқан).

Егер теке бірдеңеден елең алды ғой, ә, «пых» деп ата жөнеледі (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер).

- Өмірімде мұндай қатты қорқып көрген адам емеспін. - Бір елең алған соң, елеңдей береді ғой (Д.Еркінбеков, Шығ.).

ә) Желпінді, желікті.

Қырда онда оқу емес, өлең арман,

Қымыз бен піскен кезі кебе бағлан.

Айтып боп алты ауызын: «қонақ кәде, Айт», - деді қыз-бозбала елең алған (Б.Адамбаев, Ақбөбек).